Accessibility links

Қоғамдық көлікке табличка ұсынамын!


Қоғамдық көлік. Астана, 4 қыркүйек 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Қоғамдық көлік. Астана, 4 қыркүйек 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Қоғамдық көлікте күнде жүретіндіктен адамдар арасындағы мәдениетсіздікке көп тап боласың. Мысалы, телефонмен ұзақ сөйлесу, айқайлап сөйлесу, бір-бірімен ұрсысу және т.б. Сол себепті әрбір қоғамдық көлікке әдептілікке, мәдениеттілікке шақыратын табличка жасауды ұсынамын. Кім біледі, бір күні әкімшілік менің блогымды оқып, кеңесіме құлақ асып қалар.

Сонымен, табличкада мынадай әдепке шақыратын сөздер болса:

1. Қоғамдық көлікке кірген соң бос жерге барып отырыңыз. Көшеде, жерде тұрған сөмке, дорбаларыңызды бос орынға қоймаңыз. Өзіңізден кейін кіріп, отыратын адамды да ойлаңыз.

2. Егер бос орын болмаса, бір адам тұратын жерге икемделіп тұрыңыз. Час пик кезінде адамдар көлікте тығындалып қалады, сол себепті бір қадамға ары жылжып, басқалардың да кіруіне мүмкіндік жасаңыз. Сіз ғана жұмысқа, не оқуға асығып тұрған жоқсыз.

3. Жасы үлкен, аяғы ауыр әйелдерге, балалы адамдарға орын беріңіз.

4. Қоғамдық көлікте ұялы телефоныңызға біреу хабарласса, елдің бәрін өзіңізге қаратпай, айқайламай жауап беруге тырысыңыз. Және қоңырау шалушыға шұғыл дүние болмаса, кейін хабарласуын сұраңыз.

5. Ұялы телефон этикеті бойынша ұялы телефонмен 3 минуттан артық сөйлесуге болмайды. Сол себепті әңгімені ұзақ созбай, елдің мазасын алмай, қоңырау шалушыға «кейінірек хабарласуын» сұраңыз.

6. Егер көлікте адам көп болып, шығуға ыңғайлансаңыз, барынша аяқ астыңызға қарап, абайлап басыңыз. Қоғамдық көліктен шыққандағы кір-кір аяқ киім – кімге де болса жағымды көрініс емес.

6. Қоғамдық көлікке кіргенде өз құжаттарыңызға, сөмкеңізге абай болыңыз. Ұялы телефон, әмияндарыңызды қалтаңызға салмауға тырсыңыз.

7. Қоғамдық көлікте жүйке сыр беретін уақыттар аз болмайды. Көршіңіздің өтінішіне құлақ асып, орындауға тырысыңыз. Әр дөрекілік әркез адамның өзіне қайтып келетінін ұмытпаңыз. Бүгін сіз күле қарасаңыз, ертең сізге күле қарайды.

Бір-бірімізді сыйлайық! )

Қалай? ))))) Сіздер не қосар едіңіздер?

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG