Accessibility links

Бүгін Ресейдің Амур облысында жер сілкінді.

Ресей геофизикалық қызметі академиясының мәліметінше, жер сілкінісінің күші Рихтер көрсеткіші бойынша 5,9 балға жеткен. Ал АҚШ геологиялық зерттеулер орталығы Қиыр Шығыста 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады.

Зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспеді.

Ресейдің "Транснефть" компаниясы жер сілкінген соң Қытайға мұнай тасымалын уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG