Accessibility links

Тәжік журналисі азат етілді, оған айыппұл салынды


Тәжік журналисі Махмадюсуф Исмоилов. Душанбе, 1 қазан 2011 жыл.
Тәжік журналисі Махмадюсуф Исмоилов. Душанбе, 1 қазан 2011 жыл.
Тәжікстанның Худжанд қаласындағы сот кәсіби әрекетіне қатысты айып тағылған журналисті босатты. Бүгін сот Махмадюсуф Исмоиловты "моральдық шығын үшін" шамамен 7 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

51 жастағы журналистке "лауазымды тұлғаларға жала жауып, тіл тигізген, бопсалаумен айналысып, жершілдік негізіндегі өшпенділік туғызған" деген айыптар тағылған болатын.

Прокурор "Нури Зиндаги" газетінің тілшісі Махмадюсуф Исмоиловты 16 жылға қамауды сұраған еді.

Осы аптада ЕҚЫҰ сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Тәжікстан билігін журналисті дереу босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG