Accessibility links

Голливуд жұлдызы Грозныйда алған ақшасын қайырымдылыққа жұмсамақ


Актриса Хилари Суонк Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың туған күнін тойлау барысында. Грозный, 5 қазан 2011 жыл.

Актриса Хилари Суонк Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың туған күнін тойлау барысында. Грозный, 5 қазан 2011 жыл.

Шешенстандағы даулы шараға қатысқан Голливуд актрисасы Хилари Суонк Грозныйда алған ақшасын қайырымдылық әрекетіне жұмсайтынын жариялады.

Адам құқықтары жөніндегі "Хьюман Райтс Уотч" ұйымы жұлдыздарды қазанның 5-інде 35-жастағы Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың туған күнімен тұспа тұс келген қала күні мерекесіне қатысқаны үшін сынға алған болатын. "Хьюман Райтс Уотчтың" айтуынша, Қадыровтың адам құқықтарының бұзылуына қатысы бар.

Актриса Суонк Грозныйдағы мерекеге қатысқанына өкініш білдіріп, кешірім сұрады.

Шешенстан астанасындағы тойлау шарасына сонымен қатар Голливуд актері Жан Клод Ван Дамм және скрипкашы Ванесса Мэй да қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG