Accessibility links

Германия Ауғанстанға әскер шығарылған соң да көмектесе береді


Германия Ауғанстанға қолдау бұл елден әскер шығарылатын 2014 жылдан кейін де жалғаса беретінін айтты. Бұл туралы бүгін Кабулға күтпеген жерден барған Германия президенті Кристиан Вульф мәлімдеді.

Ауған президенті Хамид Карзаймен келіссөздер өткізген Вульф Ауғанстаннан халықаралық күштер шығарылған соң да Германия бұл елдің сенімді әріптесі болып қала береді деген.

Германияның Ауғанстанда 5 мыңға жуық әскері бар. Германия қоғамы Ауғанстандағы операцияларға өз әскерінің қатысып жатқанын қолдамайды.

Бұл Германия президентінің Ауғанстанға соңғы 44 жылдағы алғашқы сапары.
XS
SM
MD
LG