Accessibility links

“Уолл Стрит” наразылықтары Лондонда жалғасты


Италия астанасында өткен наразылық шаралары. 15 қазан. 2011 жыл
Италия астанасында өткен наразылық шаралары. 15 қазан. 2011 жыл
Лондонда 200-ден аса адам ғаламдық экономикалық дағдарысқа наразылық танытты. Олар Пол кафедралды соборының жанына жиналып, банкирлер мен саясаткерлерге, экономикалық дағдарысқа қарсы АҚШ-та басталған наразылық шарасын жалғастырды.

Нью-Йорктегі қаржылық аудандарда “Уолл Стритті басып қал” деген қозғалыстың қаржы дағдарысына қатысты шеру өткізгеніне бірнеше апта болған.

Сенбі күні мұндай наразылық акциялары Азия, Еуропа, Африка мен АҚШ сияқты 82 елдің 951 қаласында болып өткен.

Ең үлкен әрі қақтығысты шеру сенбі күні Римде өтіп, полиция тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан.
XS
SM
MD
LG