Accessibility links

Франция социалистік партиясынан Франсуа Олланд президент сайлауына түседі


Франсуа Олланд. 16 қазан 2011 ж.
Франсуа Олланд. 16 қазан 2011 ж.
Франция социалистік партиясы 2012 жылы елде өтетін президенттік сайлауға партиядан түсетін кандидат ретінде Франсуа Олландты таңдады.

Бұл жолы француз социалистері президенттік сайлауға кандидатты өз тарихында тұңғыш рет праймериз (партия ішіндегі таңдау) арқылы анықтады. Жексенбі күні өткен праймериздің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша, социалистік партия лидері Мартин Обри 43% дауысқа ие болса, Франсуа Олландқа партияластарының 57% қолдау білдірген.

Еске сала кетейік, алдағы президент сайлауында Франция социалистік партиясынан ортақ үміткер болады деп жүрген Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан биыл Нью-Йоркте әйел зорламақ болған деген күдікпен ұсталған соң өз кандидатурасын алып тастауға мәжбүр болған еді. Алайда кейіннен сот оған тағылған айыпты негізсіз деп тапты.

Франсуа Олланд 1997 жылдан 2008 жылға дейін Франция социалистік партиясын басқарған.
XS
SM
MD
LG