Accessibility links

АҚШ пен Еуропада қаржы дағдарысына қарсы наразылықтар өтті


Италия астанасы Римдегі наразылық. 15 қазан, 2011 жыл.

Италия астанасы Римдегі наразылық. 15 қазан, 2011 жыл.

Жексенбіде АҚШ пен Еуропада “Уолл Стритті басып қал” деген ұранмен қаржы дағдарысына қарсы наразылық акциялары екінші күн қатарынан болып өтті.

Лондон, Франкфурт пен Амстердамде жүздеген белсенді қаржы орталықтарына жақын маңда шатыр тігіп, ірі банктер мен корпорацияларға қарсы наразылық білдірді.

Нью-Йорктен бастау алған “Уолл Стритті басып қал” қозғалысына қолдау танытқандар интернеттегі әлеуметтік желілерді пайдаланып, сенбі күні Азия, Еуропа, Африка мен Америкадағы 82 елдің 951 қаласында наразылық шараларын өткізген еді.

Ең үлкен әрі қақтығысты шеру сенбі күні Римде болды, полиция тас пен бөтелкелер лақтыра бастаған шерушілерді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. Бұл қақтығыстарда 130 адам зардап шеккен.
XS
SM
MD
LG