Accessibility links

Алматыда тұрғын үй өртеніп, 5 адам мерт болды


Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)

Өрт сөндіру техникасы. (Көрнекі сурет)

Дүйсенбіге қараған түні Алматы қаласындағы жеке меншік тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртті сөндіру барысында бес адамның жансыз денесі табылған. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеменің алдын ала деректері бойынша, алдымен тұрғын үйде шыққан өрт жалыны артынша жапсарлас салынған қора-қопсыны шалып, жалпы аумағы 200 шаршы метр жерді жалмаған.

Оқиға болған жерден мәйіттері табылған адамдардың кімдер екендігі қазір анықталып жатыр. Олардан бөлек, осы оқиғадан зардап шеккен тағы төрт адам ауруханаға жеткізілген, олардың арасында төрт жасар бала бар екендігі хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG