Accessibility links

Al-Rai телеарнасы Каддафидің кенже ұлының өлгені туралы хабарды растады


Муаммар Каддафидің кенже ұлы Хамис Каддафи.
Муаммар Каддафидің кенже ұлы Хамис Каддафи.
Сирия астанасы Дамаскіде орналасқан Al-Rai телеарнасы Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің кенже ұлы Хамистің қаза болғаны туралы ақпараттың расталғаны туралы ақпарат таратты. Бұл телеарна өз хабарларында Каддафиге іш тартатын.

Бұған дейін Хамис Каддафидің өлгені туралы Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің өкілдері хабарлаған еді. Ол хабарда әкесіне бағынышты элиталық әскери топты басқарған Хамис Каддафи мен Муаммар Каддафидің барлау қызметінің басшысы Мохаммад Абдулла әл-Сенуссидің тамыздың 29-ы күні Триполиден оңтүстікке қарай 80 шақырымдай жерде орналасқан Тархун қаласындағы шайқаста қаза тапқандары айтылған болатын.

Кеше Ұлттық өтпелі кеңестің қарулы күштері Бани-Валид қаласының орталық бөлігіне еніп, Каддафиді қолдаушылардың қатты қарсылығына тап болғаны жайлы хабар тарады.

Оның алдында Каддафи жақтастарының қолындағы тағы бір елді мекен - Сирт қаласын шабуылмен алмақ болған Ұлттық өтпелі кеңес күштерінің әрекеті сәтсіз аяқталған еді.
XS
SM
MD
LG