Accessibility links

Орталық Америкада табиғи апаттан ондаған адам қаза болды


Тасқын су басқан үйлер. (Көрнекі сурет)

Тасқын су басқан үйлер. (Көрнекі сурет)

Орталық Америка елдерінде нөсер жауынның тасқынға ұласуы салдарынан ондаған адам қаза болды.

Табиғат апатынан әсіресе Сальвадор қатты зардап шекті. Бұл елде құрбан болғандар саны 30 адамнан асқан. 20 мыңнан аса кісі қауіпті аймақтардан басқа жерге көшірілген. Сальвадор үкіметі тасқыннан зардап шеккендерге жәрдем беруді сұрап халықаралық қауымдастыққа өтініш жасады.

Сол сияқты, табиғаттың тосын мінезі Гватемалада 30-ға жуық адамның өмірін қиғаны туралы ақпарат жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG