Accessibility links

Йеменде қақтығыстар барысында сегіз адам өлді


Билікке қарсы шеруге шыққандар үкімет күштері оқ атқан соң бассауғалап қашты. Сана, Йемен, 16 қазан 2011 ж.

Билікке қарсы шеруге шыққандар үкімет күштері оқ атқан соң бассауғалап қашты. Сана, Йемен, 16 қазан 2011 ж.

Йемен астанасы Сана қаласында өткен түнде президент Әли Абдолла Салехтің жақтастары мен қарсыластары арасында болған қақтығыстар барысында сегіз адам өліп, 27 кісі жараланған. Бұл ақпаратты дәрігерлер мен жергілікті тайпа өкілдері айтып отыр деп хабарлады "Франс пресс" агенттігі.

Үш адам алаңда тұрған жұртқа үкімет әскері оқ атқан кезде мерт болған. Бұл алаңға осыдан бірнеше ай бұрын оппозиция белсенділері шатыр тіккен еді.

Қалғандары қаланың солтүстігіндегі әл-Хасаба кварталында болған қақтығыстар кезінде көз жұмған. Ол кварталда президенттің биліктен кетуін талап еткен оппозицияға қолдау танытқан Хашид тайпасының негізгі тірегі орналасқан.

Йеменде президент Салехқа қарсы наразылық күшейген биылғы ақпан айынан бері мың жарымнан аса адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG