Accessibility links

Қазақстанда 27,6 миллион тонна астық бастырылған


Солтүстік Қазақстандағы астық ору науқаны. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Қазақстандағы астық ору науқаны. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтындағы елде дәнді дақылдарды жинау науқаны жайлы жарияланған соңғы мәліметтерге сәйкес, 2011 жылғы қазанның 17-іне Қазақстан бойынша 15,8 миллион гектар егіс алқабының 98 %-да 27,6 миллион тонна астық бастырылып, орташа шығымдылық центнеріне 17,5 гектарды құраған.

Бұл 2010 жылғы көрсеткішпен (гектарынан 8,9 центнер) салыстырғанда әр гектар бойынша 8,6 центнерге артық деп көрсетілген хабарламада.

Ауыл шаруашылық министрлігі дәнді дақылдарды жинау жұмыстары Павлодар және Шығыс-Қазақстан облыстарында аяқталғанын, ал Жамбыл мен Оңтүстік-Қазақстан облыстарында бидай және арпа толығымен жиналып, енді дәнді жүгерінің жиын-терін науқаны басталғанын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG