Accessibility links

Сирияда қақтығыстарда 17 адам жараланған


Сириялық сарбаздар бақылау-өткізу бекетінде отыр. Хомс провинциясы, 13 қазан 2011 ж.

Сириялық сарбаздар бақылау-өткізу бекетінде отыр. Хомс провинциясы, 13 қазан 2011 ж.

Сирияның солтүстік-батысындағы Хасса қаласында бүгін үкімет әскері мен оппозиция жағына өткен бұрынғы әскерилер арасында қақтығыс болып, соның салдарынан кемінде 17 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті оппозиция өкілдері хабарлады.

Сондай-ақ Джабал әз-Зауия қаласында да осындай қақтығыстар болған.

Ақпан айынан бері ел президенті Башар Асадтың отставкаға кетуін талап еткен халық наразылығы басылмай отырған Сириядағы ахуалды кеше Каирде өткен Араб елдері лигасына мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде талқыланды. Кеңеске қатысушылар Сирия билігі мен оппозициясын 15 күннің ішінде ұлттық келісім туралы келіссөздер бастауға шақырды.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда өткен жеті айдың ішінде қақтығыстар салдарынан үш мыңнан астам адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG