Accessibility links

Түркияда зілзала құрбандарының саны 523 адамға жетті


Зілзаладан қираған ғимарат орнында тұрған құтқарушы. Ержиш, Түркия, 26 қазан 2011 ж.

Зілзаладан қираған ғимарат орнында тұрған құтқарушы. Ержиш, Түркия, 26 қазан 2011 ж.

Соңғы деректер бойынша, Түркияда өткен жексенбідегі зілзала салдарынан көз жұмғандардың саны 523 адамға жетіп отыр.

Табиғат апатынан 1650 адам зардап шеккен, құтқарушылар қиранды астынан тірі қалған 185 кісіні алып шыққан. Алайда, ауа райының күрт бұзылып, қар аралас жаңбыр жауғаны құтқару жұмыстарын қиындатып жіберді.

Зардап шеккен аймаққа шетелдерден гуманитарлық жәрдем жеткізіліп жатыр. Екі мемлекеттің арасындағы соңғы кездегі шиеленісті жағдайға қарамастан, бүгін осындай жүк тиеген Израиль ұшағы Түркияға келіп қонды.

Қазанның 23-і күні Түркияның Ван аймағында 7,2 магнитудалы жер сілкінісі болған еді.
XS
SM
MD
LG