Accessibility links

Сирияның Хомс қаласындағы қақтығыстарда 21 кісі қаза болды


Сирия билігіне қарсы шеру. Хомс, Сирия, 4 қазан 2011 ж.
Сирия билігіне қарсы шеру. Хомс, Сирия, 4 қазан 2011 ж.
Сирияның Хомс қаласында дүйсенбі күні ел президенті Башар Асадтың жақтастары мен қарсыластары арасында тағы да қақтығыстар болды.

Лондонда орналасқан сириялық құқыққорғаушы топтың деректері бойынша, қазанның 17-і Хомстағы қақтығыстар салдарынан кемінде 21 адам қаза болған. Мерт болғандардың арасында қарапайым тұрғындар мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері бар екендігі, ал қаланың кейбір аудандарында әскери танктер тұрғаны айтылады.

Украина сыртқы істер министрлігі дүйсенбіде Хомстағы атыс құрбандарының бірі - сол елде тұратын Украина азаматы екендігін растады.

Сирияда үкімет әскерімен қақтығыстарға қатысқандар арасында оппозиция жағына өткен бұрынғы әскерилер де бар. Сирия билігі Хомс және басқа қалаларда «қарулы террористік топтар лаң салып жатыр» деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG