Accessibility links

Ливия ұлттық өтпелі кеңес күштері Бани-Валидке бақылау орнатқанын хабарлады


Уақытша үкімет сарбаздары. Бани-Валид, Ливия, 17 қазан 2011 ж.

Уақытша үкімет сарбаздары. Бани-Валид, Ливия, 17 қазан 2011 ж.

Ливияда ұлттық өтпелі кеңес күштері Бани-Валид қаласының 90 пайызына бақылау орнатқандығын айтып отыр.

Әскери басшылықтың деректері бойынша, ұзақ апталарға жалғасқан қоршаудан кейін қазір Бани-Валид қаласының төбесінде Ливияның жаңа билігінің туы желбіреп тұр. Сонымен бірге, Ұлттық өтпелі кеңес күштері қазір бұрынғы ел жетекшісі Муаммар Каддафиді жақтайтындардың қолында қалып отырған Сирт қаласын алуға да тырысып жатыр.

Дүйсенбі күні Ливияда сапармен болған британ сыртқы істер министрі Уильям Хейг Африка мемлекеттерін Муаммар Каддафи мен оның маңайындағы адамдарды паналатпауға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG