Accessibility links

Вьетнамда тасқын судан 55 кісі мерт болды


Тасқын кезіндегі Ханой қаласының орталығы. Вьетнам, 13 шілде 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Тасқын кезіндегі Ханой қаласының орталығы. Вьетнам, 13 шілде 2010 ж. (Көрнекі сурет)

Вьетнам елінде тасқын су салдарынан құрбан болғандар саны 55 адамға жеткені туралы хабарланды.

Билік орындарының деректері бойынша, кемінде әлі төрт адамның тағдыры белгісіз қалып отыр. Тасқыннан зардап шеккен аймақтардан жеті мыңнан аса адам басқа жерге көшірілген.

Су басқан аймақта 170 мыңғы жуық баспана қалып отыр. Сол сияқты, шамамен 23 мың гектар алқаптағы күріш егістігін де су басып қалған.

Вьетнамда қалың нөсердің соңы тасқынға ұласқанына үш апта болды. Әсіресе елдің орталық аудандары мен Меконг өзені бойындағы елдімекендер қатты зардап шекті.
XS
SM
MD
LG