Accessibility links

Гилад Шалиттің Египетке берілгенін Израиль мен палестиндіктер жоққа шығарды


Гилад Шалиттің анасы Авива (ортада) мен әкесі Ноам (оң жақтан екінші), сондай-ақ бауыры Иоэл (сол жақтан үшінші) тікұшаққа қарай келе жатыр. Израиль, 18 қазан 2011 ж.

Гилад Шалиттің анасы Авива (ортада) мен әкесі Ноам (оң жақтан екінші), сондай-ақ бауыры Иоэл (сол жақтан үшінші) тікұшаққа қарай келе жатыр. Израиль, 18 қазан 2011 ж.

Израиль капралы Гилад Шалит Египет арқылы Израильге берілді деп хабарлаған палестиндік ХАМАС тобы тобының өкілдері "Рейтер" агенттігіне. Бірақ Израиль мен палестиндктер өкілдері Гилад Шалиттің Египетке берілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Палестиндік "Халықтық қарсылық комитетінің" өкілі ДПА агенттігіне алдымен Египетке Израиль түрмесінде тұтқында болған палестиндіктер келіп жеткен соң ғана Шалиттің соларға айырбасталатынын айтқан.

Өз кезегінде Израиль әскерінің өкілі Керем-Шалом шекара бекетіне Шалиттің әкелінгені туралы Израиль жағы хабардар деген ақпаратты жоққа шығарды.

2006 жылы бүлікшілер ұрлап әкеткеннен күні бүгінге дейін кепілде болған Гилад Шалитті осы кезге дейін израиль түрмесінде қамауда болған 1027 палестиндікке айырбастау туралы Израиль үкіметі мен ХАМАС тобы Египеттің ара ағайындық етуімен келісім жасаған еді. Бүгін Израиль түрмеден алып шыққан алғашқы топты Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына жеткізеді делінген.

Дүйсенбі күні Израиль Жоғарғы соты бір топ адамның Израиль үкіметінің ХАМАС тобымен арадағы келісімін заңсыз деп тану туралы өтінішін қарап, оны қанағаттандырмай тастады. Арыз иелері - террорлық шабуылдар құрбандарының туыстары - үкіметтің Шалитке айырбастағалы отырғандардың арасында бейкүнә жандардың қанын мойнына жүктегендер бар екенін айтып, оларды бостандыққа шығаруға үзілді-кесілді қарсылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG