Accessibility links

Чили астанасында студенттер мен полиция арасында қақтығыс болды


Чили астанасы Сантьяго метросындағы станциялардың бірінде келе жатқан жастар. (Көрнекі сурет)

Чили астанасы Сантьяго метросындағы станциялардың бірінде келе жатқан жастар. (Көрнекі сурет)

Чили астанасы Сантьяго қаласында қазаннның 18-і күні студенттер мен полиция арасында қақтығыс болды. Полицияның деректері бойынша, 60-тан аса адам ұсталған.

Шеруді күштеп тарқату үшін полиция студенттерге қарсы сумен атқылайтын құралдар мен көзден жас ағызатын газ қолданған. Студенттер бұған жауап ретінде жанғыш заттар лақтырып, соның салдарынан жолаушы тасымалдайтын бір автобус өртенген.

Чилиде ондаған мың студент жастар наразылығы биылғы мамыр айынан бері жалғасып отыр. Олар үкіметке білімге жұмсалатын қаржыны көбейту және білім сапасын жақсарту туралы талаптар қойды.

Студенттер наразылығына ұстаздар мен кәсіподақтар да қолдау білдіріп, бүкіл ел көлемінде екі күндік жаппай ереуіл өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG