Accessibility links

Ахмадинежад: АҚШ-тың Иранға қатысты айыптаулары өтірік


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад. 26 қыркүйек 2011 жыл. Көрнекі сурет

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад. 26 қыркүйек 2011 жыл. Көрнекі сурет

Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың айтуынша, Иран Вашингтондағы Сауд Арабиясының елшісіне қастандық жасамақшы болды деген АҚШ-тың айыптаулары 2003 жылы АҚШ-тың Ираққа басып кіруіне негіз болған жаппай қырып-жою қаруы туралы мәлімдемесіне ұқсайды. Сол сияқты бұл айыптаулар да дәлелденбейді дейді Ахмадинежад.

Дүйсенбі күні "Әл-Жазира" телеарнасына берген сұхбатында Ахмадинежад Вашингтон Иран мен Сауд Арабиясын жікке бөліп, Парсы шығанағында ықпалын күшейту мақсатында ирандықтың Сауда Арабиясы дипломатын өлтірмекші болды делінген қастандық әрекетін ойдан шығарды деп атап көрсетті.

АҚШ-та екі адамға "Вашингтондағы Сауд Арабиясының елшісін өлтірмекші болды" деген айып тағылып отыр. Күдіктілердің бірі - Иран текті АҚШ азаматы қазір қамауда, ал екіншісі Иранның төңкерісшіл күзетшілеріндегі жоғары лауазымды ресми өкіл болып табылады.

Ахмадинежадтың айтуынша, АҚШ бұл қастандық әрекетіне Иранның қатысы бар деп айыптау арқылы Тегеранға қарсы халықаралық санкцияларды күшейтуді көздейді.

"Иран АҚШ-тың айыптауларына қатысты тергеу ісін жүргізбейді", - деді Махмуд Ахмадинежад.
XS
SM
MD
LG