Accessibility links

Еуропа Одағы Украина президентінің жоспарланған сапарын тоқтатты


Украина президенті Виктор Янукович. Варшава, 29 қыркүйек 2011 жыл.
Украина президенті Виктор Янукович. Варшава, 29 қыркүйек 2011 жыл.
Еуропа Одағы бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко түрмеге жабылған соң Украина президенті Виктор Януковичтің жоспарланған сапарын тоқтатты.

Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштонның баспасөз хатшысы Януковичтің сапары «екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қолайлы жағдай жасалған кезде» болады деп мәлімдеді.

Украина президенті бейсенбі күні Еуропа Одағының президенті Херман Ван Ромпуймен және Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесуі тиіс болатын. Еуропа Одағы Украинада құқықтық норма мен Тимошенконың жағдайына қатысты «алғабасушылық» болуын қалайтынын айтты.

Өткен аптада Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенко "қызметін асыра пайдаланды" деген айып бойынша жеті жылға түрмеге жабылған соң Киев пен Брюссельдің қарым-қатынастары салқындап кетті.
XS
SM
MD
LG