Accessibility links

Ұлыбританиялық жазушы Джулиан Барнсқа Букер сыйлығы берілді


2010 жылы Букер сыйлығына ұсынылған кітаптар.

2010 жылы Букер сыйлығына ұсынылған кітаптар.

Ағылшын жазушысы Джулиан Барнс "The Sense of an Ending" ("Соңғы сәтті сезіну") романы үшін 2011 жылғы Букер сыйлығына ие болды.

65 жастағы қаламгердің туындылары Букер сыйлығына бұған дейін үш рет ұсынылған еді.

Сондай-ақ биыл осы сыйлыққа үміткерлер арасында Ұлыбритания жазушылары Стивен Келман мен Эндрю Миллердің, канадалық екі жас жазушы Патрик деВитт пен Эси Эдугянның шығармалары болды.

Букер сыйлығы - ағылшын тіліндегі әдебиет әлеміндегі ең беделді сыйлықтардың бірі. Сыйлық иесіне 50 мың фунт стерлинг (80 мың доллар шамасында) ақшалай жүлде беріледі.

Былтыры Букер сыйлығын «Финклердің мәселесі» романы үшін британ жазушысы Говард Якобсон алған.
XS
SM
MD
LG