Accessibility links

Қазақстанда кедейлік шегі 45,5 АҚШ доллары шамасында белгіленді


Қайыр сұрап отырған қарт әйел. Ақтөбе, қыркүйек, 2009 ж.

Қайыр сұрап отырған қарт әйел. Ақтөбе, қыркүйек, 2009 ж.

Қазақстанда 2011 жылы төртінші тоқсанда кедейлік деңгейі, қазіргі орташа валюта бағамымен алғанда 45,5 АҚШ доллары шамасында белгіленді. ($1=148 теңге)

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы бүгін ресми баспасөзде жарияланды.

«Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын», - делінген ресми құжатта.

Статистика агенттігінің деректері бойынша, Қазақстанда қыркүйек айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 16 844 теңгені құраған. Оның ішінде, азық-түлік тауарларының үлесі – 10 106 теңге, ал азық-түлік емес тауарлар – 6738 теңге болып белгіленген.
XS
SM
MD
LG