Accessibility links

Путин ТМД елдері арасындағы еркін сауда келісімін мадақтады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Санкт-Петербург, 18 қазан 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин. Санкт-Петербург, 18 қазан 2011 жыл.
Ресей премьер-министрі Владимир Путин бұрынғы совет елдері қол қойған еркін сауда туралы келісімді мадақтап, оны ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы "негізгі құжат" деп атады.

Бұл келісімге Ресей, Армения, Молдова, Украина, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь елдерінің қол қойғаны туралы хабар сейсенбі күні Санкт-Петербургта аймақтық премьер-министрлердің өткен келіссөздерінен кейін жарияланды.

Еркін сауда туралы келісім келесі жылы өз күшіне енуі үшін оны әлгі сегіз елдің парламенттері бекітуі тиіс.

Путиннің айтуынша, жаңа құжат ТМД елдері мақұлдамай қойған 1994 жылғы келісімнің орнын ауыстырады. Әзербайжан, Түркіменстан және Өзбекстан бұл келісімді зерттеп, осы жылдың соңына дейін қол қою мәселесін қарастырады.

Владимир Путин бүгін Украина, Беларусь және Қазақстан премьер-министрлерімен кездесіп, аймақтық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылайды. Ресей Кеден одағына Украинаның да қосылуын қалайды.
XS
SM
MD
LG