Accessibility links

Әзербайжан президенті Қазақстанға келді


Әзербайжан президенті Илхам Әлиев

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев

Бүгін Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің Қазақстанға екікүндік сапары басталды.

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Серік Прімбетовтың мәлімдеуінше, Әлиев пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы тасымалдау мәселесін талқылайды. Сонымен қатар екі ел президенттері Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы қазақ мұнайын тасымалдауды жаңарту мәселесін көтеруі мүмкін.

Қазақстан аталмыш құбыр арқылы мұнайын экспорттап жатқан болатын бірақ 2010 жылдың ақпан айында "Әзербайжанның тарифтері жоғары" деп, келісімді уақытша тоқтатқан еді.

Әзербайжан президенті Алматыда өтетін түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы саммитіне қатысады.
XS
SM
MD
LG