Accessibility links

Назарбаев түрік әскерилерінің қаза табуына байланысты көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2 тамыз 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 2 тамыз 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Абдулла Гүлге террорлық әрекет құрбандарына байланысты көңіл айтып, жедел хат жолдады. Бұл туралы бүгін президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Юксекова және Чукурджада террорлық әрекет салдарынан түрік әскерлерінің қаза тапқаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Бауырлас Түркияның басынан кешіп отырған осы орны толмас қасіретті Қазақстан халқы да бөліседі. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын», - делінген жедел хатта.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған еліндегі сарбаздарға жасалған шабуылдан кейін Қазақстанға жоспарланған сапарын тоқтатты.
XS
SM
MD
LG