Accessibility links

"Сопылар ісі" бойынша сот үкімі шықты


Яссауия сопылық тариқатын ұстанушылардың жетекшісі Исматулла Мақсұм

Яссауия сопылық тариқатын ұстанушылардың жетекшісі Исматулла Мақсұм

Бүгін Алматыда "сопылар ісі" бойынша бір топ адамға қатысты сот үкімі шықты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "сопылық ағымның жетекшілері" - діни тұлға Исматулла Мақсұм 14 жылға, Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Саят Ыбыраев 12 жылға, ал қалған айыпталушылар 2-9 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Өздерін Яссауия сопылық тариқатын ұстанушылар деп санайтын топтың бірнеше өкілі былтырғы тамыз айынан бастап қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған болатын.
XS
SM
MD
LG