Accessibility links

Байқоңырдан АҚШ спутнигі ғарышқа ұшырылды


Байқоңырдан ғарышқа ұшып бара жатққан ресейлік "Протон-М" зымыраны. (Көрнекі сурет)
Байқоңырдан ғарышқа ұшып бара жатққан ресейлік "Протон-М" зымыраны. (Көрнекі сурет)
Қазанның 20-сына қараған түні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыраны америкалық ViaSat-1 жасанды жер серігін ғарышқа алып ұшты. Бұл туралы ақпарат Ресейдің "Роскосмос" ғарыш агенттігінің сайтында жарияланды.

Канаданың оңтүстік аймағындағы тұтынушыларға жылдамдығы жоғары кеңжолақты интернет байланысы қызметін көрсетуге арналған жасанды жер серігінің ғарыштағы жұмыс істеу мерзімі 15 жыл болады деп хабарланып отыр.

Жаңа спутник тұтынушыға секундына 130 гигабит жылдамдықпен деректер алмасуға мүмкіндік бермек, бұл Солтүстік Американың көгіндегі барлық коммерциялық байланыс спутинктерінің жиынтық жылдамдығынан да жоғары деп хабарлады оған иелік жасаушы канадалық Xplornet компаниясы.
XS
SM
MD
LG