Accessibility links

Франция президенті нәрестелі болды


Франция президенті Николя Саркози (оң жақта) зайыбы Карла Брунимен бірге. Лондон, 18 маусым 2010 ж.
Франция президенті Николя Саркози (оң жақта) зайыбы Карла Брунимен бірге. Лондон, 18 маусым 2010 ж.
Франция президенті Николя Саркозидің зайыбы Карла Бруни қазанның 19-ы күні босанып, қыз бала дүниеге келді. Ата-анасы нәрестенің есімін кім деп қойғаны әзір хабарланған жоқ.

Қызы дүниеге келген кезде Германияда келіссөздер өткізген Николя Саркози қуанышты хабарды естісімен көп ұзамай әйелі мен қызы жатқан перзентханаға келген.

Николя Саркози мен супермодель Карла Бруни 2007 жылы үйленген еді. Оған дейін екі рет некеде болған Николя Саркозидің үш ұлы бар, сол сияқты Карла Бруни де Саркозиге тұрмысқа шыққанға дейін бір рет ұлды болған.

Николя Саркози - Франция тарихында билікте отырған кезде перзент сүйген алғашқы президент болып отыр.
XS
SM
MD
LG