Accessibility links

Ресейде "Су-24" әскери ұшағы апатынан екі адам қаза болды


Ресей әскери әуе күштерінің ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери әуе күштерінің ұшағы. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Ресейдің Амур облысында ресейлік "Су-24" әскери ұшағы апатқа ұшырап, экипаждың екі мүшесі де қаза болған.

Қорғаныс министрлірігің хабарлауынша, Воронежден Воздвиженкадағы жөндеу зауытына ұшып келген әскери ұшақ жерге қонар кезде әуежай алаңынан шығып кетіп, апатқа ұшыраған.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа ұшақ тетіктерінің істен шығу себеп болуы мүмкін.

Ресей әскери прокуратурасы осы оқиға бойынша тергеуге кірісті.
XS
SM
MD
LG