Accessibility links

Дүниежүзiлiк банк: "Бизнеске ең қолайлы ел - Сингапур"


Дүниежүзiлiк банктың Вашингтондағы кеңсесі.

Дүниежүзiлiк банктың Вашингтондағы кеңсесі.

Дүниежүзiлiк банктың дәстүрлі жылдық зерттеуінің нәтижесінде, әлемде бизнес жүргізуге ең қолайлы ел ретінде биыл да Сингапур аталып отыр.

Әлемдегі 183 мемлекетті қамтитын құжатта олардың әрқайсысына кәсіпорынды құру, несие алу, инвесторларды қорғау, салық жүйесі сияқты өлшемдер бойынша баға берілген.

Бизнеске қолайлы жағдайымен алғашқы бестіктің қатарына ілінген елдердің арасында Сингапурден басқа Гонконг, Жаңа Зеландия, АҚШ пен Дания бар.

Қазақстан биыл 47-ші орында аталып отыр, былтыр 58-ші болып тұрған еді.

Дүниежүзiлiк банк бизнес жүргізуге қолайлы елдерді анықтау жөніндегі зерттеуін осымен тоғызыншы жыл қатарынан жариялап отыр.
XS
SM
MD
LG