Accessibility links

Бейбітшілік күштері Косовадағы баррикаданы бұзуға кірісті


Сербия мен Косова шекарасында тұрған НАТО бейбітшілік күштері қатарындағы француз сарбазы. Брняк бекеті, 19 қазан 2011 ж.
Сербия мен Косова шекарасында тұрған НАТО бейбітшілік күштері қатарындағы француз сарбазы. Брняк бекеті, 19 қазан 2011 ж.
НАТО-ның халықаралық бейбітшілік күштері бүгін Косованың солтүстігінде Сербиямен шекарадағы тұрғызылған баррикаданы алуға кірісті.

Бұған қарсыласпақ болған жергілікті серб тұрғындарын тарқату үшін халықаралық бейбітшілік күштері оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданғаны туралы хабарланды.

Қыркүйек айында Косова Сербиямен шекарасындағы «Ярине» және «Брняк» бекеттеріне кеденшілер мен полицейлерді қойғаннан кейін жергілікті сербтер оған наразылық білдіріп, баррикада құрған еді. Жағдай шиеленісіп, НАТО бейбітшілік күштерімен қақтығысқа дейін барды.

Өткен жексенбі күні НАТО егер сербтер баррикаданы өз еріктерімен алмайтын болса, бейбітшілік күштері оны бәрібір бұзады деп ескерткен болатын.
XS
SM
MD
LG