Accessibility links

Ливия телеарнасы: Муаммар Каддафи Сиртте ұсталды


Муаммар Каддафи. 30 наурыз 2008 жыл.

Муаммар Каддафи. 30 наурыз 2008 жыл.

Батыс ақпарат корпорациялары мен "Әл-Жазира" телеарнасының айтуынша, Ливия телеарнасы биліктен тайған Муаммар Каддафидің Сирт қаласында қолға түскенін хабарлаған. Бірақ Ливиядағы шетелдік журналистер бұл хабардың рас-өтірігін анықтай қойған жоқ.

Бұдан бұрын Ұлттық өтпелі кеңес күштері Каддафидің жақтастары бекінген соңғы қаланы - Сиртті басып алғандарын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG