Accessibility links

Ливияның уақытша билігі Каддафиге қатысты мәлімдеме жасамақ


Ливиядан келіп түскен хабарларға қарағанда, биліктен құлатылған Муаммар Каддафи Сиртте өлтірілген немесе ұсталған. Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің баспасөз хатшысы Би-Би-Си-ге берген сұхбатында әлгі хабарды Ливияның уақытша билігі әзірше растамады деп мәлімдеді.

«Біз Муаммар Каддафидің немесе басқа да бір ресми өкілдің ұсталып, Мисуратаға әкетілгенін растай алмаймыз. Біздің білуімізше, бірқатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары солай деп хабарлады бірақ Бенгазидегі ұлттық өтпелі кеңесі мұны растауы тиіс», - деді ұлттық өтпелі кеңестің баспасөз хатшысы.

АҚШ мемлекеттік департаменті де Каддафидің өлтірілгені немесе ұсталғаны туралы хабарды растай алмайтынын айтты. Ал НАТО бұл хабарды тексеріп жатқанын мәлімдеді. Жақын арада Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің жетекшісі Мустафа Абдел Жалил баспасөз мәслихатын өткізеді деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG