Accessibility links

Муаммар Каддафидің қаза болғандығы расталды


Триполи тұрғындары Сиртте Муаммар Каддафидің өлгені туралы хабарды есітіп тойлап жатыр. 20 қазан 2011 жыл.
Триполи тұрғындары Сиртте Муаммар Каддафидің өлгені туралы хабарды есітіп тойлап жатыр. 20 қазан 2011 жыл.
Ливияның уақытша премьер-министрі Махмуд Жибрилдің мәлімдеуінше, биліктен құлатылған Муаммар Каддафи өлтірілген.

Бүгін Триполиде баспасөз мәслихатын өткізген Жибрил "біз бұл сәтті ұзақ уақыт күткен едік, Муаммар Каддафи өлтірілді" деп мәлімдеді.

Ақпарт министрі Махмуд Шамманның айтуынша, Каддафи өзінің туған қаласы Сирттен қашып кетпекші болған кезінде өлтірілген. Ливия телеарнасының хабарлауынша, Каддафи бейсенбіде алған жарақатынан қаза болған.
XS
SM
MD
LG