Accessibility links

Барак Обама: "Каддафидің өлімі - өзгелерге ескерту"


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама Муаммар Каддафидің қазасы туралы хабарға қатысты айтқан сөзінде "бұл өлім Таяу шығыс елдеріндегі өзге авторитарлық басшыларға ескерту және диктаторлық режимдердің күні бітері сөзсіз" деп мәлімдеді.

Ақ үй жетекшісі Ливияның болашағы үшін жауапкершілік сол елдің өтпелі үкіметінің мойнында екендігін атап айтты.

Бұған дейін Ливия билігі Муамар Каддафидің бейсенбі күні Ұлттық өтпелі кеңес күштері сарбаздарының қолына түскен соң көп ұзамай қаза болғанын мәлімдеді. Ливия уақытша үкіметінің басшысы Махмуд Жибрилдің айтуынша, Каддафи табыла қалса оны өлтіру жөнінде бұйрықты ешкім бермеген.

Қазанның 20-ы күні Ұлттық өтпелі кеңес күштері сарбаздары алған Сирт қаласынан қашпақ болған кезінде қаза болған Муаммар Каддафи мен сол күні мерт болған оның ұлдарының бірі – Мұтассим екеуінің денелері Мисурата қаласына жеткізілген.

Муаммар Каддафидің тағы бір ұлы – Сейф әл-Исламның қайда екендігі әзірге белгісіз.

НАТО жақын уақытты Ливиядағы операцияларын аяқтайды деп мәлімдеді осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
XS
SM
MD
LG