Accessibility links

Қазақстан іздеумен ұсталған 4 адамды Ресей мен Өзбекстанға береді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан қылмыстық іздеу бойынша ұсталған адамдарды Ресей мен Өзбекстанға тапсырмақшы. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасы баспасөз қызметінің бүгін таратылған хабарламасында айтылған.

«Қазақстан бас прокуратурасы Ресей Федерациясының бас прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының бас прокуратурасының өтініштерін қанағаттандырып, осы елдердің азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оларға беруді ұйғарды», - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметіне сәйкес, еларалық іздеу бойынша ұсталған Ресейдің бір азаматы және Өзбекстанның 3 азаматы өз отандарының құқық органдарына тапсырылады.

Ресей азаматы өз елінде «тонау» және «қарақшылық» қылмыстарын жасаған деген күдікке ілінген. Ал Өзбекстан азаматтарының бірі «кісі өлтірген» және «ұрлық жасаған», екіншісі – «бұзақылық жасап, денеге орта дәрежедегі жарақат салған», ал үшіншісі – «адамды алдап-сулап қанау» қылмысына қатысы бар деген негізде іздеуде болғаны айтылады.
XS
SM
MD
LG