Accessibility links

Қазақстан СІМ Муаммар Каддафидің өліміне байланысты түсініктеме берді


Ливия мемлекетінің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи.
Ливия мемлекетінің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ливия мемлекетінің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің қазасына байланысты бүгін "ҚазТАГ" агентігіне түсініктеме берді.

"Біз Ливия халқы мен ұлттық өтпелі кеңес елде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етеді деп сенетіндігімізді тағы да мәлімдейміз. Өз тарапымыздан, Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы ретінде, біз жағдайдың тезірек тұрақтануына, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының қайтадан орнықты жолға түсуіне одан ары барынша жәрдемдесуге дайынбыз", - деген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев жұма күні.

Бұған дейін Ливияның уақытша билігі Муамар Каддафидің бейсенбі күні Сирт қаласында Ұлттық өтпелі кеңес күштері сарбаздарының қолына түскен соң көп ұзамай қаза болғанын мәлімдеген еді.

АҚШ президенті Барак Обама Каддафидің қазасына байланысты: "Таяу шығыс елдеріндегі өзге авторитарлық басшыларға ескерту және диктаторлық режимдердің күні бітері сөзсіз" деп мәлімдеді. Батыстың өзге елдері де Каддафидің өлімі туралы хабарды қоштап, пікір білдірді.

НАТО жақын уақытты Ливиядағы операцияларын аяқтайды деп мәлімдеді осы ұйымның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен.
XS
SM
MD
LG