Accessibility links

БҰҰ ҚК Йемен туралы қарар жобасын дауысқа салады


Йеменде президент Әли Абдулла Салехқа қарсы наразылық білдіріп шыққандар өздеріне жауған оқтан қашып барады. Сана, 16 қазан 2011 ж.

Йеменде президент Әли Абдулла Салехқа қарсы наразылық білдіріп шыққандар өздеріне жауған оқтан қашып барады. Сана, 16 қазан 2011 ж.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бүгінгі отырысында Йеменге қатысты қарар жобасын дауысқа салады.

Йемендегі адам құқықтарының бұзылып, зорлық-зомбылықтың жалғасып жатқандығын айыптағанымен, бұл құжатта Йемен билігіне қарсы санкция енгізу немесе басқадай бір қатаң шаралар қарастырылмаған. Сондықтан қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қарар жобасын қолдап дауыс беруі ықтимал деген болжам айтылып отыр.

Қарар авторлары Йемен президенті Әли Абдулла Салехті Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі әзірлеген билікті бейбіт жолмен тапсыру туралы жоспарды қабылдауға шақырып, адам құқықтарын бұзған және өзгедей заңға қайшы істер жасағандарды жауапқа тарту қажеттігі жайлы мәлімдеп отыр.

Йеменді 33 жыл бойы үздіксіз басқарып отырған Әли Абдулла Салехтың биліктен кетуін талап еткен халық наразылығы ақпан айынан бері жалғасып жатыр, сол уақыттан бері Йеменде жүздеген адам қаза болды.

Биыл маусым айында Санадағы резиденциясына жасалған шабуылда жараланған президент Салех үш ай Сауд Арабиясында емделіп, қыркүйектің 23-і күні отанына оралды.

Йеменде саяси дағдарыс басталғаннан бері Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесінің елдегі билікті бейбіт жолмен тапсыру туралы бірнеше мәрте білдірген ұсынысын президент Салех қабылдамай қойды.
XS
SM
MD
LG