Accessibility links

Ресей алқабилер соты: Свиридовтың өліміне кавказдық азамат кінәлі


Футбол жанкүйері Егор Свиридовты өлтірді деп айыпталған Аслан Черкесов. Мәскеу қалалық соты, 4 шілде 2011.

Футбол жанкүйері Егор Свиридовты өлтірді деп айыпталған Аслан Черкесов. Мәскеу қалалық соты, 4 шілде 2011.

Мәскеу алқабилер соты өткен жылы Ресей астанасында нәсілшілдік негізіндегі толқуларға себеп болған этникалық орыс азаматының өліміне қатысты кавказдық азаматты айыпты деп тапты.

Желтоқсанның 6-сында Ресей жастары мен Солтүстік Кавказ мигранттары арасында болған араздықта футбол жанкүйері Егор Свиридов атып өлтірілген болатын. Осы оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң мыңдаған ұлтшыл орыс азаматтары көшеге шығып, славян емес азаматқа шабуылдаған еді.

Алқабилердің айтуынша, төбелесті Аслан Черкесов пен тағы басқа бес айыпталушы бастаған. Алқабилер сотының бейсенбі күнгі шешіміне сәйкес, төбелес барысында Черкесов Свиридовты атып өлтірген. Алқабилер соты Черкесовты "адамды әдейі өлтірді" деген айып бойынша айыпты деп тапты. Қалған бес айыпталушы "бұзақылық жасады" деп айыпталды.

Мәскеу қалалық сотының шешімі сейсенбіде шығады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG