Accessibility links

Назарбаев Өзбекстан мен Түркіменстанға ұсыныс жасады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Алматы, 21 қазан 2011 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Түркіменстанды түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне қосылуға шақырды.

«Біз кеңестің толыққанды халықаралық ұйым болуына ынталымыз. Біз өзіміздің өзбек және түркімен бауырларымыздың уақыты келгенде осыған қатысады деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді Назарбаев жұма күні Алматыдағы түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің кездесуінде.

Саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Қырғызстан президенті Роза Отынбаева, Түркия премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздағ және түркітілдес халықтар кеңесінің бас хатшысы Халил Ақынжы қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG