Accessibility links

Қазақстан түрмелерінде намазханалар жабылады


«Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заң күшіне енген күні, яғни қазанның 25-інен Қазақстан түрмелеріндегі барлық мешіттер, шіркеулер және намазханалар жабыла бастайды.

Бұл туралы жұма күні Қазақстан діни істер жөніндегі агенттігі басшысының орынбасары Марат Әзілханов мәлімдеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Әзілхановтың айтуынша, Қазақстан түрмелерінде түрлі конфессиялар үшін 60-қа жуық ғибадат орны бар.
XS
SM
MD
LG