Accessibility links

Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ кеңсесі Каддафидің өлімін тергеуді талап етті


Ливиялықтар Мисуратаға әкелінген Каддафидің мәйітін суретке түсіріп жатыр. 20 қазан 2011 жыл.

Ливиялықтар Мисуратаға әкелінген Каддафидің мәйітін суретке түсіріп жатыр. 20 қазан 2011 жыл.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесі Ливияның бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің қандай жағдайда өлтірілгенін толық тергеу керек деп мәлімдеді.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Руперт Кольвилдің айтуынша, бейсенбі күні Каддафидің тірідей ұсталып, кейінірек Сирт қаласы жанында ұлттық өтпелі кеңес жауынгерлері айналасында өлгенін көрсеткен бейнетаспалар "өте қорқынышты".

Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің мәлімдеуінше, Каддафи оның қолдаушылары мен үкімет күштері арасындағы атыста өлтірілген. Ливияны 42 жыл басқарған диктатор Каддафиді өлтіруге бұйрық берілмеген еді дейді уақытша биліктің өкілдері.

Көптеген ел басшылары Каддафидің өлімі туралы хабарды қоштап, пікір білдірді. Олар ливиялықтарды демократиялық болашақ үшін жұмыс істеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG