Accessibility links

Беларусь полициясы оппозициялық шеруге кедергі жасады


Беларусьтегі оппозициялық шеру. Минск, 21 қазан 2011 жыл.
Беларусьтегі оппозициялық шеру. Минск, 21 қазан 2011 жыл.
Беларусь полициясы кемінде үш оппозициялық белсендіні тұтқындап, ондаған адамның үкіметке қарсы шарасына кедергі жасады.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Минск орталығындағы Октябрьская алаңында ондаған адам жиналып, президент Александр Лукашенконың режиміне наразылық танытпақшы болған. Олар түрмеге жабылған оппозициялық белсенділердің суреттерін алып шығып, "Бүгін Каддафи, ертең Лукашенко!" деп айқайлаған. Наразылық шарасы барысында үш белсенді ұсталды деп хабарланды.

Беларусьте өткен жылдың желтоқсан айындағы президент сайлауында Лукашенко қайта сайланған соң елде жаппай наразылық шарасы өтіп, жүздеген адам қамауға алынған болатын. Содан бері билік орындары оппозицияны қудалауын күшейтті. Лукашенконың қарсыласы ретінде сайлауға түскен үміткерлер - Андрей Санников пен Николай Статкевич әлі қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG