Accessibility links

Обама: Биыл АҚШ күштерінің барлығы Ирактан шығарылады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 21 қазан 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 21 қазан 2011 жыл.

Ирак үкіметі осы жылдың аяғына дейін елден барлық АҚШ күштерінің шығарылатынын қолдайды. Премьер-министр Нури әл-Маликидің кеңсесінің мәлімдемесінде барлық американдықтардың елден шығарылуы екі елдің мүддесін алға тартатын жаңа стратегиялық қарым-қатынастардың басталуына мүмкіндік береді делінген.

Ал Ирак армиясының басшысы Бабакар Зебари Ирак сарбаздарын жаттықтыратын АҚШ пен НАТО нұсқаушыларының елде қалуын қалайтынын айтқан.

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама осы жылы американдық күштердің Ирактан толықтай шығарылатынын жариялады. Иракта 40 мың АҚШ сарбазы бар.
XS
SM
MD
LG