Accessibility links

Назарбаев "Нұр-Мүбарак" университетінде болды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыдағы «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінде болды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Университетті құрудағы мақсат қазақстандық мешіттерде жұмыс істейтін өз мамандарымызды даярлау болып табылады. Сіздер исламды оқумен қатар, біздің халқымыздың ежелгі тарихы мен бай дәстүрлерін де ұмытпауларыңыз керек. Сіздер тарихты, мәдениетті, әдебиетті, философияны білулеріңіз керек. Сіздер оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мешіттерде жұмыс істейтін боласыздар. Сіздер біздің қоғамдағы бірлік, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін адамдарға түсіндірулеріңіз қажет", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев университет оқушыларына.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нұр-Мүбарак» университеті жоғары білікті имамдарды, исламтанушыларды, дінтанушыларды, араб тілі мен әдебиетінің аудармашыларын даярлауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар Назарбаев Алматыдағы тұңғыш президент атындағы дендросаябақта болды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG