Accessibility links

Ливия көтерілісшілері елдің Каддафиден азаттығын ресми мәлімдейді


Ливиялық әйел Каддафидің өмірден өткеніне басқалармен бірге қуанышын білдіріп жатыр.
Ливиялық әйел Каддафидің өмірден өткеніне басқалармен бірге қуанышын білдіріп жатыр.
Ливияның жаңа жетекшілері сегіз айға созылған азаматтық соғыстың аяқталып, Солтүстік Африкалық елдің толығымен Муаммар Каддафи режимінен азат етілгенін жарияламақшы.

Ұлттық өтпелі кеңестің Бенғази қаласында елдің азаттығын жариялау шарасына мыңдаған адам қатыспақшы. 42 жылдық билікті құлатып, елді диктаторлық режимнен азат деп мәлімдеу Муаммар Каддафи қолға түсіп, өлтірілгеніне 3 күн толған соң болып отыр.

Хабарларға қарағанда, Каддафидің мәйіті мұсылман рәсімі бойынша жерлеуге әзірге берілмеген. Каддафидің отбасы оның сүйегін Сиртедегі тайпа өкілдеріне беруді сұраған.
XS
SM
MD
LG