Accessibility links

Болгарияда президенттік сайлаулар өтіп жатыр


Болгариялықтар президенттік сайлаудың алғашқы туры бойынша дауыс беруде. Бұл сайлау Болгария Еуропа одағына мүше болғаннан бері өтіп отыр.

Дауыс беру процесі бұрмалаушылықпен өтуі мүмкін деген алаңдаушылықпен сайлау барысын халықаралық бақылаушылар жіті қадағалауға алған.

Сайлаудағы президенттіктен үміткерлер жеткілікті дауыс жинай алмаса, дауыс берудің екінші сатысы алдағы аптада болады. Сайлауға дауыс беру құқы бар 7 миллиондай адам қатыса алады.
XS
SM
MD
LG