Accessibility links

Еуропа Одағының дағдарысқа қатысты саммиті ашылды


Грекиялықтар елдегі қарыз дағдарысына қарсы шерулерін жалғастырды. 20 қазан.2011

Грекиялықтар елдегі қарыз дағдарысына қарсы шерулерін жалғастырды. 20 қазан.2011

Еуропа Одағының жетекшілері Брюссельде еуро кеңістіктегі қаржы дағдарысын реттеу жөніндегі саммитін бастады.

Бұл жиын еуро валютасы мен еуропалық банктерді күшейту және Грекияның қарыз дағдарысынан кейінгі Испания мен Италияға тараған қаржы мәселесін реттеп, нарықты қалпына келтіруге бағытталып отыр.

Хабарларға қарағанда, талқыланатын өзекті мәселелердің бірі – банктер Грекия қарызындағы үлестерін шығын ретінде мойындауы мүмкін. Бұл кездесуге барар алдында Грекия премьер-министрі Георги Папандреу журналистерге, бұл дағдарыс тек Грекияның ғана дағдарысы емес деді:

"Дағдарыс тек Грекияның ғана дағдарысы емес екені дәлелденіп отыр. Бұл Еуропалық дағдарыс. Сол себепті қазір еуропалықтардың нәтижелі әрі шешімді түрде әрекет ететін уақыты".

Грекия қазіргі таңда дефольтың алдын алу үшін Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорынан 8 миллиард еуро көмек күтіп отыр.
XS
SM
MD
LG